15.08.2022
98
Тағдырымыз ешқашан қосылмайды...
Тағдырымыз ешқашан қосылмайды,
Күйіп кетем, ойласам осы жайды.
Сен менің бұйырмайтын сыңарымсың,
Мен біреудің жарымын басыбайлы.
Көмекейге ащы өксік тіреледі,
Сол қайғымды қай досым білер еді.
Саған жар болмасымды еске алғанда,
Қан жоса боп жүрегім тірі өледі.
О бастан-ақ аяулы арман едің,
Бала кезден айрылып қалған едім.
Таяқ тастам жерден де жете алмадым,
Қайран дүние-ай, не деген жалған едің.
Мейлі біреу әкесін қасыма Айды,
Көңіл одан өзендей тасымайды.
Саған барып сөз айту мүмкін емес,
Сен біреудің бағысың басыбайлы.