15.08.2022
127
Есімде сол бір қара түн...
Есімде сол бір қара түн,
Қайыңға бірге баратын,
Жұлдыздар жымың қағатын,
Ұшарға болмай қанатым,
Жүрегім дүрсіл қағатын,
Жанарым жасқа толатын,
Қол жетпей қалған сол бір қыз,
Аяулым менің болатын.
Сол бір қыз ақын болатын,
Жаңғыртып ауыл қолатын,
Жырларын оқып өзендей,
Маздатып маған жан отын,
Арнасы толып ағатын,
Бәріне куә ақ қайың,
Бәріне куә қара түн.
Аяулым менің толған Ай,
Бір көру арман болғаны-ай,
Ауылдың соқпақ жолдары-ай,
Сапарлас мәңгі болмады-ай.
Өзіңсіз өткен өмірге,
Көңілі құрғыр толмады-ай,
Бір күндей бәрі болмады-ай,
Бір күндей бәрі болмады ай!