15.08.2022
209
Махаббат мәңгі өлмейді...
Махаббат мәңгі өлмейді,
Сағыныш жанды тербейді.
Өзіңді енді ешкімнен,
Жасырғым менің келмейді.
Күттім мен ұзақ ғасырдан,
Парасатына бас ұрғам.
Сүйгендігімді сонша жыл
Өзіңнен ғана жасырғам.
Өртеніп тұрған өзегі,
Келмей бір жүрген кезегі.
Сүйгендігімді жаным-ау,
Жұлдыздар ғана сезеді.
Ақ таңдар сенсіз атады,
Күндер де сенсіз батады.
Аспанға іздеп көз салсам,
Ай қалқып бара жатады.
Кездестік бірде жаным-ай,
Өте де шықтың танымай.
Сенделген осы сәтіме,
Сен куә болдың жарық Ай.