15.08.2022
  110


Автор: Сәуле Досжанова

Жер бетінің айналып саяғына,

Жер бетінің айналып саяғына,
Жүргенімде мені Алла аяды ма?!
Ойда-жоқта қайтадан кездестірдім,
Ұмыта алмай жүруші-ем баяғыдан.
Енді саған сырымды жырмен өріп,
Сәлем хаттар жолдаймын гүлге көміп.
Өмір бойғы қол жетпес асылым-ең,
Жаратқанның жазғанын бір көрелік.
Тағдырым ба, өзіңді қайта көрдім,
Есіміңді дұғамдай айта бердім.
Сенсіз жетім күй кешіп келгенім-ай,
Ортасында отырып байтақ елдің.
Сенсіз қалай жылдарды өткергенмін,
Ашылғаны болды осы бет пердемнің,
Бозбаладай алдыңда алып-ұшқан,
Көңілімді аяулым, жек көрмегін.
Кеш те болса білдіріп сезімімді,
Жыр арнадым әрі сыр, өзі мұңды
Көрінбейтін байланыс болғаны ғой,
Жазған болса Жаратқан кезігуді.





Пікір жазу