15.08.2022
  143


Автор: Сәуле Досжанова

Маңқиған дала мінездім...

Маңқиған дала мінездім,
Аңқиған бала мінездім.
Қаламына қасиет дарыған,
Еңбекқор, дара мінездім.
Тарихты қопарып, қаздың,
Асылын қотарып жаздың.
Қайнаған қу тірліктің де,
Ішінен от алып жаздың.
Тірлігіңді тілдеген болды,
Бағыңды күндеген болды.
Алашың ардақтағанда,
Бағаңды білмеген болды.
Жолыңа тікен қадады,
Сыртыңнан сөзбен сабады.
Әйтеуір заман басқа боп,
Қолыңа кісен самады.
Досыңа жамандап қатты,
Атыңа кір жағып бақты.
Бәйгеге қосылсаң болды,
Жолыңа табандап жатты.
Сен десе есіретіндей,
Тізімнен өшіретіндей,
Не жазып қойып едің,
Осынша өшігетіндей.
Бір жанға тілің тимейтін,
Жалқауды жаның сүймейтін,
Жыл сайын шыққан кітабың
Сондайды тілсіз түйрейтін.





Пікір жазу