15.08.2022
  117


Автор: Сәуле Досжанова

Сенсіз өмір күресім...

Сенсіз өмір күресім,
Мәнсіз өзің білесің.
Жер бетінен кеткенмен,
Жүрегімде жүресің.
Сенсіз жаным қаралы,
Сенсіз сезім жаралы.
Жазғандарыңды оқимын,
Жасқа толып жанарым.
Сенсіз жайнап Күн шықпай,
Сенсіз бұлтқа тұншықты Ай.
Түнде ұйықтамай жыр жазам,
Сағынышым тыншытпай.
Сенсіз көңіл оттары,
Сөніп, уақыт тоқтады.
Көніп Алла салғанға,
Сені жарың жоқтады..





Пікір жазу