meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  15.08.2022
  142


Автор: Сәуле Досжанова

Сен жатқан бөлме...

Сен жатқан бөлме,
Сен жатқан төсек бұйырды.
Өткенді еске ап, жүйкені біраз шиырдым.
Сен жүріп-тұрған бөлмеде жатып, дүние-ай,
Сен жоқ деп ойлау қиыны екен, қиынның.
Қабырғаларға иісің сіңіп кеткендей,
Еденде ізің, дәл жаңа басып өткендей.
Терезелердің әйнектері де, дүние-ай,
Тек сені айтып, махаббат сырын шерткендей.
Сағыныш буып, жас парлап тұрып көзімнен,
Әр затты ұстап, қолыңның табын сезінем.
Өзіңнен басқа не керегін де білмеймін,
Армансыз едім, армансыз едім өзіңмен.





Пікір жазу