15.08.2022
117
![](/uploads/shorttexts/author_image/f-1563240455536.jpg)
Басыңа келдім...
Басыңа келдім,
Топырақ көрдім үюлі.
(Ешқандай сөзбен жеткізе алмаспын күйімді)
Махаббат ұшып, жалғыздық құшып, көзімнен
Нөсерлі жасым кеудеме менің құйылды.
Басыңа келдім,
Қада тұр жалғыз қағылған.
Аты-жөнің мен өмір сүргенің жазылған...
Арысым менің, айрылып тұрып сенбеймін,
Сен жатыр десе мына бір жерде қазылған.
Басыңа келдім,
Тып-тыныш екен айнала.
Топырағыңды алып, күбірлеп тұрмын жәй ғана:
«Тіршілігіңде тыным алмай бір кетіп ең,
Жәннетте болғын, артыңдағыны ойлама...»