15.08.2022
143
![](/uploads/shorttexts/author_image/f-1563240455536.jpg)
УҺ, дүние-ай!
УҺ, дүние-ай!
Өте шықты қарашы,
Екеуміз де сағынысып қарасып.
Күні бойғы көргенімді мен айтып,
Күні бойғы көргеніңді сен айтып,
Отырушы-ек, дидарласып жарасып.
Пенде өмірдің қысқа екенін білген бе,
Сен екеуміз үй ішінде жүргенде.
Қауыз жарып бізге қарап гүлдер де,
Мен бақыттан ақтарыла күлгенде,
...Соның бәрі өте шықты-ау бірдемде.
Енді қалай сол күндерді қайтарам,
Қызығымның қызыл гүлін жайпаған.
Жек көремін қанша шуақ төксе де,
Осы күзді шаңырағымды шайқаған.