15.08.2022
626
Алтын күз еді...
Алтын күз еді...
Жапырақ жауып ағаштан,
Сарыала кілем жолдарда жатты жарасқан.
Тағдырымызға жазғаны болып жазмыштың,
Сол күзде бізді табыстырғанды Жаратқан.
Дәл соған дейін не көрмей жүрдік біз деген,
Адастық біраз шиырлап ескі ізбенен.
Көңілді бірақ, сөнбейтін шырақ бар еді,
Өмірде ұзақ табар деп бақыт іздеген.
Таныстық-тағы жүрекпен сүйіп, табыстық
Кішкентай бөлме біздерге болды қоныс-құт.
Мен өлең өріп, сен қара сөзді төгілтіп
Күш-қуат алдық сезімдерімізден ғарыштық.