15.08.2022
  109


Автор: Сәуле Досжанова

Қаңырап қалды мына әлем...

Қаңырап қалды мына әлем,
Қаңғырып қалдым өзіңсіз.
Қырық күн бойы жылап ем,
Қырқылды жаным сезімсіз.
Сенімен әр күн көктемдей,
Қуаныш еді жайнаған.
Тірліктің мәні кеткендей,
Құлазып қалды айналам.
Күлгенің, жүріп-тұрғаның
Мереке еді-ау мен үшін.
Жанымды өртеп мұң-жалын,
Тарылып қалды өрісім





Пікір жазу