15.08.2022
149
Көгімдегі күнім, көңілімдегі жырым сен едің...
Көгімдегі күнім,
көңілімдегі жырым сен едің,
Аңғалдау жүріп,
ақыл-білімге кененім.
Тарихты қазып,
сыртартып сан-сан ғасырдан,
Қара сөзбенен кесте салуға шеберім.
Ағытып тастап махаббатыңның көгенін,
Орта жасыңда жүрегіңді алып кеп едің.
Тұтас әулеттің тағдырын сеніп тапсырған,
Шаңырағыңа жұмақ орнатсам деп едім.
Көңіліме –шуақ,
шөліме – бұлақ сен едің,
Жаныңда шіркін,
жайдары жазға тең едім.
Бағыма менің шалқар-шатыққа бөледің,
Барыңда сенің қай ханышадан кем едім!