15.08.2022
147
Ұйықтамай шықтым түнімен...
Ұйықтамай шықтым түнімен,
Күзетіп сенің мүрдеңді.
Айырылғаным ба, шынымен,
Ажалға беріп іргеңді.
Естіген сәттен қазаңды,
Нәр татпай қойдым, қайғыдан.
Жаратқан беріп жазамды,
Ойладым ба екен айрылам.
Жар едің Құдай бұйырған,
Жарасып өмір сүргеміз.
Қоштаса алмай қиырдан,
Бөлініп қалды-ау іргеміз.