15.08.2022
  95


Автор: Сәуле Досжанова

ТҮСІМДЕ

Сағынғаныңды сезініп,
Сағына түсу үшінде.
Сені ойлап жатып көз іліп,
Көрсем ғой деймін түсімде.
Ұйқының өзі ғажайып,
Түсімде бірге жүргенде,
Түйткілді ойлар азайып,
Тәтті бір өмір сүргенде.
Ешкімге көңіл бөлмейміз,
Ерсілеу жүргем жоқ па деп.
Сезімге ғана шөлдейміз,
Түскендей ғажап отқа кеп.
Ғайыптан қанат байланып,
Ұшып та кейде барамыз.
Бақыттан бастар айналып,
Періште бола қаламыз.
Осылай сені түсімде,
Көрсем деп жатып көз ілем.
Өзімді кейде түсінбей,
Айыпты жандай сезінем...





Пікір жазу