15.08.2022
126
Бәрі ғашық болған, бөленіп ғажап сезімге
Бәрі ғашық болған,
бөленіп ғажап сезімге
Бәрі ғашық болған,
отты нұр жанып көзінде.
Бақыттан балқып,
шаттықтан басым айналып,
Мен-дағы жүрмін көргелі бері өзіңді.
Орын таба алмай,
қоярға ғашық жанымды,
Үлгеру үшін,
бір көру үшін, жолыңды.
Тосам да жүрем,
жарқ етіп шықшы алдымнан
Сезіну үшін мендегі мынау жалынды.
Ғашық боп жүрмін,
жасық боп жүрмін айта алмай,
Ерлігім осы өзіңе жүр ме байқалмай.
Жырыма орап,
әніме бөлеп жіберген,
Қабыл алғайсың асыл сезімді қайтармай.