15.08.2022
  166


Автор: Сәуле Досжанова

ЗЕРЕНДІ КӨЛІ

Зеренге құйған судай мөлдірейді,
Күн-ару сүйіп қарап, елжірейді.
Жағасында қарағай көкке ұмтылып,
Қайыңның жапырағы желбірейді.
Ағаштың тоқсан түрі қауымдасып,
Айнала жасыл орман бауырласып.
Ортада жатқан көлге айнадай боп,
Жөңкіген бұлттар менен жауын ғашық.
Бір соқпай жылаңқы бұлт кетпейді екен,
Ақ жауын бір табыспай өтпейді екен.
Ауасы жанға шипа, арша аңқыған,
Көкшеде Зеренге көл жетпейді екен.
Жел соқса исі аңқиды аршалардың,
Бұл көлге келіңдер деп жар салармын.
Жолаушы Зерендіге жолың түссе,
Жағада қайың қыз боп қарсы алармын.





Пікір жазу