15.08.2022
177
ЖАН ӘКЕ
Өмір жолым өзіңнен басталатын жан Әке,
Жалғастырып келеді жас қанатың жан Әке.
Сенен қалған намысты көтергенде ту етіп,
Маған демеу болады асқақ атың жан Әке.
Қайырмасы:
Ардақты Әкем – шаңырақтың тірегі,
Ардақты Әкем – анашымның жүрегі.
Перзентіңнен көрсе елің жақсылық,
Өзің берген ұлағат деп біледі.
Жалғастырам өзің жаққан отыңды,
Жалғастырам қасиетті атыңды.
Немерелер домбыраңа таласып,
Көңілімнің сағынышын сапырды.
Бабам менен атамның аманатын жан Әке,
Маған беріп, үйреттің қанағатын жан Әке.
Ғұмырымыз жалғасып ғұмырыңа үзілмей,
Тіршілікте шықпасын жаман атым жан Әке.