15.08.2022
  146


Автор: Сәуле Досжанова

ӨМІР ӨТІП БАРАДЫ

Көңілде сыңғырлатып қоңырауын,
Ойпырмай, жастық шақтың зымырауын
Қыз болып қызғалдақтай құлпырғанда,
Ана боп отырды иіп омырауым.
Кеше ғана тұлымы желбіреген,
Қыз едім қос жанары мөлдіреген,
Отырмын әулеттің отын жағып,
Әже боп жан-жүрегі елжіреген.
Күн – айға,
Ай- жылдарға жалғасады,
Жастыққа қарттық келіп жармасады.
Шаштарын арулардың күміс зерлеп,
Бастарын жігіттердің қар басады.
Сезімнің суаттары суалады,
Саулығың сыр береді, қуарады.
Естісең бір демеу сөз кейінгіден
Көңілің күн шыққандай қуанады.
Бұл күнде кемпір қымыз баптамайды,
Білсеңдер осы отырған шақ та – қайғы.
Қартайдық,
қарап қалдық кейінгіге,
Өтеді біздің өмір тоқтамайды.





Пікір жазу