15.08.2022
  155


Автор: Сәуле Досжанова

БАРЫС ЖЫЛЫНА

Бауырымен қар сызған Барыс келді,
Жердегі адам арманын ғарышқа өрді.
Келген жылдың болсын деп жоралғысы –
Жаңа жылда қолға алды жаңа істерді.
Үсті теңбіл, жанары шоқтай жанып,
Тау шыңдарын шолады тоқтай қалып.
Өздігінен ешкімге тиіспейді,
Күдіктіге атылар оқтай болып.
Ақар-шақар ақбасты тау киесі,
Барыс осы – биылғы жыл иесі.
Ескі жылмен қоштасып адамдардың,
Қимастықтан босап тұр жан-жүйесі.
Өткен жылға өкпе жоқ артатындай,
Қалған тіпті сыр да жоқ тарқатылмай.
Негіз де жоқ біздерге келген жылды,
Тау тағысы – Барыс деп қорқатындай.
Барыс келді,
боранды, қары қалың.
Пеш түбінде көктемді сағынамын.
Астананың аязы бетін сүйіп,
Бара жатыр жастары жаны жалын.
Біз жетпеген қиыры алыстардың,
Көп істерден неліктен қалыс қалдым.
Жан халқымның ертеңгі ұрпағына,
Өрлігін бер Жаратқан, барыстардың.





Пікір жазу