15.08.2022
  474


Автор: Сәуле Досжанова

ЕНЕМ ЖӘМИЛА ЖАНҰЗАҚ ҚЫЗЫНА

Әттең Апа,
қалғаныңды-ай қартайып,
Шаңырақты күзетесің қалқайып.
Сен аманда,
жапырақтай болсаң да,
Біз жүреміз өзің бар деп марқайып.
Отбасында – ортасында әулеттің,
Отырасың өзің жиған дәулеттің.
Немерелер,
шөберелер,
шөпшектер,
Көкесі сол өзіңе сән-сәулеттің.
Апа саған барсақ жасап қаламыз,
Нәрестеміз,
ұлымыз да, данамыз.
Еркелейміз жатып алып алдыңа,
Ұмытылып үйде бала-шағамыз.
Ұмтылады қу тірліктің күйбеңі,
Әлдилейсің бөлеп жанды күйге мың.
Тарқатпашы,
айналайын жан ана,
Сол жұмақты біздер өскен үйдегі.
... Сырын ұқтым ана жұмбақ белеңнің,
Содан болар тербетеді терең мұң.
Аманатың орындадым аяулы,
Жан анамдай болған асыл енемнің.





Пікір жазу