15.08.2022
  102


Автор: Сәуле Досжанова

АЙ КЕТПЕК ПЕ ...

Жер шары келешекте өзінің жалғыз табиғи серігі – Айдан біржола ажырап қалуы мүмкін. Ғалымдар оны біздің ғаламшардың орбитасын тастап, дербес аспан денесіне айналатынын болжап отыр... Ресейдің машина жасау орталық ғылыми зерттеу институты мамандарының мәліметтеріне қарағанда Балпан (Меркурий) ғаламшары бір кездері Шолпанның табиғи серігі болған. Бірақ уақыт өте келе ғаламшар одан ажырап, кеңістіктен жеке орбитасын тапқан. Мұның әсерінен Шолпан тіршілікке қолайсыз мекенге айналған көрінеді. Ғалымдардың айтуынша, осындай жайт Айға да тән болуы мүмкін. Егер Жердің жалғыз табиғи серігі бөлек орбитаға жылжып кетер болса, біздің ға- ламшарда тіршілік жойылуы ықтимал. Айта кетейік, соңғы кездері Айды игеру мәселесі NASA мен «Роскосмостың» күн тәртібінен түспей келеді. Оны толық зерттеуге Ұлыбритания мен Қытай да мүдделі.


Болмап па еді сан ғасырлар серігің,
Ай сұлу-ау, Жерден неге жерідің?!
Сен екеуің емес пе еді әлемде,
Қыздыратын тіршіліктің көрігін.
Сен екеуің бір-біріңді айналып,
Жүресіңдер тартылыспен байланып.
Не себепті жатырсыңдар тебісіп,
Керісіңнен ел кетпекші қайғы алып.
Серік болып,
ажырасқан табанда,
Балпан жалғыз,
Шолпан жалғыз ғаламда.
Жер бетіне кереметтер жасадың,
Сен екеуің қуат беріп адамға.
Шолпан анау, қолайсыз боп тірлікке,
Жарқыраған таң алдында бір нүкте.
Жердің шарын төзген не бір азапқа,
Сен де тастап кете берсең, сұмдық де.
Онда біздің ғаламшарда тіршілік,
Жойылады сұмдықтардан түршігіп.
Сен сияқты шомылдырмас нұрына,
Тәулік бойы тұрса-дағы Күн шығып.
Жердің жалғыз табиғи жансерігі,
Ай ару-ау,
неден шошып, жерідің.
Сен туғанда ысырылар бұлттар да,
Жалғыз өзің түнгі аспанның көрігі.
Жұлдыздардың арасында жарқырап,
Сен жүзгенде сәулеленіп атырап,
Түнгі әлемді тербетеді сырлы әуен,
Нұрыңменен дірілдейді жапырақ.
Қиылып кеп туғаныңа тәубе етіп,
Өткен бабам, өсіріп өз әулетін
Сан ғасырлар Жер Анаға серік боп,
Айналып ең, көрсетпе енді нәубетін.
Не табасың,
дербес кетіп – қаңғырып,
Кеңістікке аттың басын шалдырып.
Серік етіп жаратқан соң Жер үшін,
Орбитаңды айнала бер мәңгілік.
Ғалымдардай алаңдарға хақым бар,
Нұрын төгіп, адамзатқа жақындар.
Жерді айналып жүре берші мәңгілік,
Жырлай берсін ғашық болып ақындар





Пікір жазу