15.08.2022
  228


Автор: Сәуле Досжанова

АЛЛАМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!

Қосуынан ләззаттың,
Аллам, мені жараттың.
Төрт мүшемді түгелдеп,
Ақыл, сана, ой беріп,
Серік еттің тағатты.
Жанарыма нұр бердің,
Бал тамызар тіл бердің,
Адамдарға ғашық қып,
Сезіміммен ғажайып,
Жырласын деп жыр бердің.
Дидар бердің таң нұрлы,
Дарын бердің сан қырлы.
Сынағындай солардың
Ешбір әйел көрмеген
Өмір бердің тағдырлы.
Тарыдайын бақ бердің,
Ел жетпесті ап бердің.
Талай сұлу зар болған
Нағыз тарлан жігіттің
Сезіміне тап келдім.
Мынау қатал заманда,
Мейірімді еттің адамға.
Қолымдағы барымды,
Бөлісуге құштармын.
Ел сыйлайды содан ба?!
Соның бәрін болдырған,
Жұлдызымды жандырған.
Халқыма жыр жаздырған,
Аллам саған мың алғыс!





Пікір жазу