15.08.2022
  173


Автор: Сәуле Досжанова

АБАЙДЫ ОҚЫ, ӨРЕНІМ

Қазақтың Бас ақыны


Абайды оқы, өренім.
Жаттап, айтқан нақылдан,
Көңілге түй керегін.
Әлқиссасы әр істің,
Талаппенен басталар.
Көзін тапсаң табыстың,
Адал еңбек бас болар.
Қанағатпен жүргеннің
Ары таза болады.
Ақырын ойлай білгеннің,
Басына бақ қонады.
Білім іздеп, талпынған,
Мақсатына жетеді.
Алғыс алсаң халқыңнан,
Ұрпағыңа кетеді.
Өсек, өтірік жүргенде,
Мандымайды ер ісі.
Жағымпаздық білгенге –
Жамандықтың желісі.
Тоқтығыңа марқайып,
Адамдықтан азбағын.
Есіңе ұста әрдайым,
Ұлы Абайдың жазғанын.
Бес асылды ойыңа,
Сақтап әркез жүргейсің.
Бес дұшпаннан бойыңды,
Аулақ ұстай білгейсің.
Достық пен ар, намыстың,
Туын биік көтеріп.
Артын ойлап әр істің,
Адалдықпен өтелік.





Пікір жазу