15.08.2022
  91


Автор: Сәуле Досжанова

АСТАНАНЫ БІР КӨРУ

Қазағымның басына бақ орнады,
Сарыарқаға халқымның тағы орнады.
Жағасына ел қонып, есі кетіп,
Есіл орап ағады Ақ Орданы.
Зеңгір көкпен таласып ғимараттар,
Көрік қосар әсемдік құйған оттар.
Көшесімен қыдырсаң жазғы кеште,
Өн бойыңа ән тарап, күй қонақтар.
Доғадайын иіліп көпірлері,
Жағасында арқар тұр секіргелі.
Көктемдегі қарағай, қайыңдарың,
Жапырағын күн сүйіп желкілдеді.
Көкшіл әйнек үйлерін көркемдейді,
Әсем қала ай сайын өркендейді.
Парижды емес, бұл күні еуропалық
«Астананы бір көріп өлсем!», – дейді.
Міне осылай ғажайып, бас қаламыз,
Көк шөбін де басуға жасқанамыз.
Сағым жүзген кешегі сар далада,
Келе жатыр көркейіп Астанамыз.





Пікір жазу