15.08.2022
122
АСТАНА ТҮНІ
Астана түні,
Астана түні ертегі.
Ай менен жұлдыз махаббат сырын шертеді.
Ата-бабамның арманы болған шаһарым ,
Еуразияға жайып бір салып өркенін.
Жұлдыздар жауған керемет сәтті қарашы,
Түнгі қаланың бойына ғажап жарасып.
Ақ күміс белбеу сияқты жатыр Есілі,
Тәуелсіз елдің тербетіп сұлу қаласын.
Ғимараттардың әйнектерінен төгілген
Сәулелерін-ай қалаға әппақ себілген.
Бәйтерегінің басына шығып қарасаң –
Сарыарқаның сауырындай боп көрінген.
Жапырақтары сыбдырлап түнгі бақтардың,
Ақбұрқақтары сағыныш жырын ақтарды.
Қыз-жігіттері көшеде жүрер сырласып,
Қиып кете алмай осынау тәтті шақтарды.
Астана түні,
Астана түні ертегі.
Ай менен жұлдыз махаббат сырын шертеді.
Сарыарқаның тұмардай болған төрінде,
Ғажайып қала көргеннен ғашық етеді.