15.08.2022
134
ТҮН-МАХАББАТ ОТАНЫ
Сорғалаған шырыны,
Ай қауынның тілігі...
Тоқ жібере кеудеңе,
Тоқ омырау дірілі.
Деп «сыбырлап ойының ба?»
Тулайды ару қойнында.
Ыстық ерні ерніңде,
Ақ білегі мойныңда.
Бітпес әуен мақамын,
Хоры орындап бақаның.
Демін ішке ап қара түн,
Салалайды сақалын.
Болған емес сот әлі,
Түн-махаббат Отаны.
Елестетіп ай көзге,
Ойнақтаған ботаны.
Толықсыған қалқам-ай,
Ойнақтайды-ай қалай?
Үлпілдеген ақ бота,
От баса ма байқамай.
Сезім бұлты үдерді,
Төзім үзді шідерді.
Айды бұлтпен жасырып,
Түн күрсініп жіберді.
Жылатқандай баланы,
Самал өксіп қалады.
Кеңістікте боз тұман,
Жер шайқалып барады.