15.08.2022
  107


Автор: Бауыржан Үсенов

КӨКТЕМ МЕН КҮЗ

Көктем күлімсірейді,
Гүлдеген атырап боп.
Күз дірілдейді,
Сарғайған жапырақ боп.
Қиялың айға шабар,
Доп қуып ала бауыр.
Көктем ал майда самал,
Күз деген – қара дауыл.
Нәрсе жоқ өгей тегі,
Табиғат наз айтады.
Көктем көбейтеді,
Күз азайтады.
Мұратсыз жоқ ертегі,
Әркім де барды айтады.
Көктем көгертеді,
Күз сарғайтады.
Өскен соң іргеленіп,
Тәттіге жұбанамыз.
Көктемде – гүл боп өніп,
Ал, күзде қуырамыз.
О, тіршілік.





Пікір жазу