15.08.2022
  107


Автор: Бауыржан Үсенов

Қою шаң Шаңылақтан барады асып...

Қою шаң Шаңылақтан барады асып...
Аттанам таң алдында,
Далаға шық,
Деген ең шыныменен кеткенің бе,
Ұйықтап қаппын қайтейін қара басып.
Торлап алды күйініш сананы шын,
Соққы алғандай зырқырап қара құсым.
Сертке тұрмыс жігіттің бірі екенсің,
Деп мұңая күбірлеп барамысың.
Ех, адаммын сірә мен жоқ обалы.
Қайғы, қайғы келе бер тонағалы.
Қалқа кетіп барады қара жолмен,
Қолымда қап кестелі орамалы.
Жан дүниемде ұлып тұр қасқыр ғана,
Қатып қаппын айналып тас тұлғаға.
Кенет, кенет көк бесті кісінеді,
Жүген ала жүгірдім бастырмаға.
Қолда мені күнәсіз талап, тілек,
Бесті жалын жібек жел таратты кеп.
Көкті жарып шарықтап кетер ме едім,
Жаралмаған ат неге қанатты боп.
Сенің ернің секілді жайлап өпкен,
Аймалайды нұрымен ай да көктен.
Кесіп өтіп жылғаны қырға шыққам,
Қарғыс атқыр машина қайда кеткен.
Қандай жаман самалдың сарнағаны,
Қайдасың сен жанымның арман әні.
Асфальт жолға түсірер ылди жолда,
Елес болып бозамық шаң барады.
Ышқындым мен бестіге салып қамшы,
«Иә өлесің болдырып,
Иә жеткізіп,
Арзу тілек арудан алып қалшы!»





Пікір жазу