МЕН СЕНІ ЖЕК КӨРЕМІН
Су ішпейміз ешқашан бір тұмадан...
Қолтығынан қолаңса бұрқыраған.
Сендей жанның жидіген іші түгіл,
Көрер көзге кеспірсіз сырты да арам.
Жүрген ізің өртенген күйік тоғай,
Әділдік кеп ісіңді тұйықтағай.
Құдірет-ай зұлымдық атаулыны,
Бір басыңа алғансың жиып қалай.
Болмаса да жасағам қатем ерен,
Түңғиына ойлардың бата берем.
Өсек, жала дейтұғын ғылым болса,
Баяғыда бас ғалым атанар ең.
Зұлымдықтың зымиян ей, сүлдері!
Сырт тараптан жегідей жейсің мені.
Аққа қара жақпайды,
Жұқпайды ғой,
Шыныменен сен түсінбейсің бе оны.
Қаншама үйдің қазаны қайнамайды,
Кесіріңнен,
Қанша ажар жайнамайды,
Бораған шу ізіңнен,
Неге сенің құлағың мен тіліңді байламайды.
Аллам өзің болсаң да, ай ұстаған,
Шақырады қан тілеп сайысқа алаң.
Омыртқаңды үзейін шықшы былай,
Қорсылдаған қалыңнан дәйіс қабан.