НЕМІС ҚЫЗЫНА
Неміс қызы қарамашы, сен маған,
Есімді алып жұмбақ жымиысыңмен.
Еске түсіп сағым аққан кең далам,
Мұңаямын қара көз қыз үшін мен.
Алтын шашың зер жалатқан жібектей,
Сұлусың сен соқыр жанар тоятын.
Сағынышты жүрегімде жүдетпей,
Сиқырламай көздеріңмен қоя тұр.
Іштен тынам, саған қарап тұрып мен,
Жетегінде бір сөзімнің ғажап тым.
Қалжыңдаспай, жақындамай үріккен,
Кінәлама бозбаласын қазақтың.
Ұқсап тұрсың менің қалындығыма,
Ал оны мен жүрегімді сақтаймын.
Ашар едім, түсінбейсің сырыма,
Мен бір ауыз неміс тілін қақпаймын.
Жігерде деп тұрсың ба әлде кім білген,
Тіл білмеудің көп әуреге салғаны-ай.
Шие ерінің – пісіп тұрған бүлдірген,
Татыр еді таңдайымда, арман-ай.
Аспан көзің жатырқамас мөлдір-ақ,
Төзіміңнің жібін түгел үзетін.
Сезесің бе, неміс қызы,
Сен бірақ
Жүргенімді тынышыңды күзетіп?!
Мәңгілікке кетерімді өлкеңнен,
Сондықтан да,
Сондықтан да өртенбен.