ІЛЕ ЖАҒАСЫНДА
Толықсып аққан Іленің қамысы қалың,
Тереңде де тұр нуыма намысы барың.
Шабуылға шыққан бір түмен сары масадан
Жанымды қояр жер таппай жан ұшырамын.
Іле ағып жатыр толықси, құлашын жайып,
Шынжырға шыдап қалайша тұрасың, қайық?
Қайықшы бауырым,
Босатып су арғымағын,
Мініп бір кетсем – менде ме, расында, айып?!
Көсіліп жатқан құмыңа апталап қыздым,
Шортаның шоршып, сан рет жалт қаратқыздың.
Шұқырая аққан иірім көзіме менің
Елестетеді күлкісін ақтамақ қыздың.
Кеудесінде аққан жырының өз ырғақ – әні,
Құшақтап тербе, көк айдын, бозым баланы.
«Су перілері» сылаңдап төзімді алады,
Толқынмен ағып сол жаққа көзім барады.
Сыр ашты маған тамағын кешкі Іле кенеп,
Сол сыры менің жанымды кескіледі ерек.
Жамырап тұрған қопаға көп жалтақтадым,
Жолбарыс үні күркіреп естіле ме деп...