15.08.2022
  100


Автор: Бауыржан Үсенов

ТҮНГІ ОЙЛАР

Төсегінде тып-тыныш түнетер ме ой,
Сезімдердің әсері-ай,
дір етер бой.
Ойланамын дөңбекшіп,
ұйқым келмей.
Ай, жұлдызсыз түнің де тұл екен ғой.
Тыныс алып қалғуда дала баяу,
Қараңғыда жанған шам данадай-ау.
Терезені ашуға сескенемін,
Ап кетердей бөлмемді қара бояу.
Қалған шақ бұл күн мен түн теңеліп,
Күн мен түнге айтады кім төрелік.
Сәуле беріп әлсіздеу маңайына,
Балауыз шам жануда білтеленіп.
Қарсы аларда қорықсам өмір селін,
Қара болар менің де көңіл шерім.
Қараңғыны қармалап не табамыз,
Жарық, бөлек екен ғой жөнің сенің.
Талып жетіп алыстан қаз үндері,
Жүйке, жүрек жаңа ұйқас әзірледі.
Төсегімде жұлдызы қонақтайтын,
Сүттей ақ түн аңсатты қазір мені.
Уақытқа не деген бағынышты ек,
Тыныстаймын,
Санамда сабылыс көп.
Қараңғы түн секілді қап-қара боп,
Дөңбекшимін,
азық боп сағыныш тек.
Көктемде деп сезініп күз қарсаңын,
Тынышымды ғашық боп бұзған шағым.
Көкірегімде жанары жанып тұрған,
Аққу мойын қара шаш қызды аңсадым.
Қара түнде ән салып, қалам тербеп,
Қауышамын қиялда жан еркеммен.
Қара көзді, қара шаш сол аруды,
Іздеп жатып ояндым, таңертең мен.
Сөзім емес ешкімге қайталаған,
Сөзім емес ешкімге қайталаған.
Өміріме сәулесін төгіп өтер,
Ертең барып, айсың деп айтам оған.





Пікір жазу