15.08.2022
  111


Автор: Бауыржан Үсенов

ТОБЫЛҒЫ

Торы түске жарасқан қоңыр меңің,
Тіп-тік өскен сымбатты тобылғы едің.
Қылшылдаған балта боп қиып түстім,
Қызыл көрген баса алмай көңіл демін.
Құшағыма құладың ауып тұрып,
Жаутаңдады жанарың қауіп қылып.
Шымыр сөлің шөлімді қандырған соң,
Сай жағалап жөнелдім сауық құрып.
Сай жағалап мен содан кете барғам,
Балтаға енді бұраң бел шетен арман.
Ессіз сезім қолында армансыз-ақ
Жарқылдадым шалғыдай бетеге орған.
Енді бүгін ойласам, дүр тобылғы,
Обалыңды – тұтатам білте – мұңды.
Қиылмашы мезгілсіз,
Қолдан келсе,
Өсірейін бағбан боп бір шоғыңды.
Тоғайыңнан безейін – безіндірсең,
Түсінер ең жайымды өзің білсең.
Бір дырауға сап болып түсімде ылғи,
Соясың да жатасың... көзімді ілсем.





Пікір жазу