15.08.2022
114
КӨГІЛДІР САҒЫМ
Жабырқасам көзіме жас келеді,
Жанарларың бұлтсыз аспан еді.
“Әй, жеттім-ау”, – дегенде бұлың етіп,
Алдап кеттің сағымдай сәскедегі.
Қабылдамай жанымның ымырасын,
Қаштың менен,
Көтермес мұны басым.
Күдерімді үзейін, десем енді,
Көкжиектен тағы да құбыласың.
Аспан көзді баянсыз бағым менің,
Айдаладан арбаған сағым ба едің?
Самал болып есе алмай, саған қарай,
Шаруасы шалқайып, шабылды ерің.
Бозторғай да атыңды айта берді,
Періштең не, кеудемде сайтан өлді.
Мәңгі аңсайтын бір арман керек шығар,
Сағым болсаң сағым бол,
Қайтем енді...