15.08.2022
110
ҚЫС ШІЛДЕСІ
Қыс шілдесі десе де қатал, аптап,
Өркеш-өркеш төбелер атан аппақ.
Жауған қардың ішінде ойға батам,
Жапалақтап.
Қыс ауысты ғажайып шаққа бірден,
Ақ мамықтың үстімен аттадым мен.
Алма ағашы секілді Аязата,
Баққа кірген.
Мені ұзақ далада арқандады,
Көкіректе сайраған ән тармағы.
Бұл не деген қаптаған көбелектер,
Қаңтардағы.
Оюланған аяздың өрнегімен,
Жауған қарды қызықтап жөргегінен.
Сылдыр-сылдыр күледі сәби дүние,
Мен де күлем.