15.08.2022
  105


Автор: Бауыржан Үсенов

ТҮН СИҚЫРЫ

Түнде сиқыр бар дейді
О, сенемін, сенемін.
Мен дию, сен пері едің,
Таң атқанша айтайық,
Махабаттың өлеңін.
Жабағы бұлт көктегі,
Көлегейлеп жұлдызды.
Жасырады түн бізді,
Үзілмесін ессіз шақ,
Сағынбаймыз күндізді.
Сен жауқазын сүйріктей,
Қабағыңды аршыдым.
Жалынышты жан сырын.
Бар шырынын сыйлады,
Алма төсің бал шырын.
Ұмыттырды әлемді,
Ыстық құшақ, тәтті ерін.
Бір ғайыпқа батты ерін.
Езілгенмен үн-түнсіз,
Естілмеді әттеңің.
О, Ай-Ана сәулелі,
Кеудемізге сенім сеп,
Болмас енді шегінсек,
Некемізді түн қиды,
Мен күйеу, сен келіншек.
Қара түнді қорған қып,
Таң атқанша толғандық.
Жатты бізді тербетіп,
Атам күйеу болған жұрт,
Анам келін болған жұрт.





Пікір жазу