15.08.2022
197
АУЫЛ СЫРТЫНДАҒЫ ӘН
Кеудемде сөнбейді арман,
Сен маған өкпелеме.
Қайдасың келмей қалған,
Құсым-ау көктемеде?
Қайырмасы:
Кетерде қолдан ұшып,
Қал дедім, тоқтамадың.
Қалдың ба торға түсіп,
Білмеймін, жоқ хабарың.
Таусылып бұла күшім,
Жүректі түтуде мұң.
Келсеңші, қуанышым,
Мен сені күтудемін!
Басынан қос теректің,
Ұшады қос көгершін.
Күрсініп кештер өтті,
Мүмкін сен кеш келерсің.