Қабанның азуын қайырып...
Қабанның азуын қайырып,
Атша ерттеп мінетін аңшы едің.
Бел омыртқаң үзіліп опат болдың ба,
О, зауалы Хақтан келген қанішерім.
Байлығынан тоналған,
Шашын жайып қара орман.
Қуаныштан жылайды,
Айтпап па едім, қарғам-ау, ұмыттың деп Құдайды,
Жазығы жоқ аң мен құс үкіміңді сұрайды.
Сұрап жатыр сүйінші,
Қуаныштан желіккен.
Қасқыр келіп еліктен.
Тіліп едің талайының желінін,
Сүтке толып деріткен.
Келді ме ақыр ажалың,
Басыңдағы бөріктен.
Түлкі деп қап қиядан түсіп саған бір қыран,
Жатырсың ба зұлымдық тұнған миың бұрқырап.
Ләззат алып келіп ең,
Қолыңа түскен құралайлар мен қонжықтар,
Жылаған кезде шырқырап,
Ажалыңа тура келіпті-ау,
Қолымнан тігілген бұл тұмақ.
Қан құсып еді,
Сәби үшін жолбарыс жортып жырамен,
Қысық көздері мылтықша тиер қырағы ең.
Сенің қасап қырғының үшін,
Табиғаттың алдында кінәлі ем.
Бала емес бәле таптың деп,
Бетіме топырақ шашатын еді кіл аң-құс.
Қызығыңа адам айланбай тұрғанда,
Өлтірген сені абзал қыранға мың алғыс.