15.08.2022
164
ҚАРЛЫҒАШ
Бармақтай құсым тамағы аппақ,
Ән салатұғын даланы мақтап.
Бұлақ сылдырап алма гүлдеді,
Келмеді үміт, алдады мені,
Қайырмасы:
Қарлығашым-ау, кешіккенің не?
Көктем келді деп есітпедің бе?
Аулаң да аман, ұяң да аман,
Кеп қалдың-ау деп қиялдап алам.
Өзіңсіз маған қайда да мұңды,
Сағындым, құсым, сарғайғаныңды.
Бөктергілерден өте алмадыңдар,
Отандарыңа жете алмадыңдар.
Жапырақ өрді жамырап талдан,
Ұяңды қайтем қаңырап қалған.