15.08.2022
253
Өкiнiштi тiлек
Бәрi, бәрi өзгердi,
Суық басты дененi.
Ести, ести сөздердi
Керең болғым келедi.
Кеттiм қазiр бүгiлiп
ойдың бiттi дерегi.
Сөйлей, сөйлей
Түңiлiп
Мылқау болғым келедi.
Өз-өзiмнен езiлiп
Жиып қойдым дәменi.
Көре, көре
Безiнiп
Соқыр болғым келедi.