15.08.2022
  98


Автор: Қажытай Ілиясұлы

ЖҰМЫРТҚА ЖҰМБАҚТАРЫ

Аха-а-ау!
Көріп пе едің, ағайын,
Арпалықтай қаланы?
Дүрбі салсаң екі көз,
Шулаған құсты шалады.
Кетеуі кеткен әтештің,
Ашылмайды қабағы.


Жұқпалы індет жұта ма,
Дауысы шығып қалады?..
Оны естіген тауығың
Ілезде қоршап алады.
Елеңдеген шібидің
Тимейді жерге табаны.
Қарамайды әтеші,
Таусылғандай амалы.
Мекиенді кәрі деп
Шібиге қосып қамады.
Қозғалмайтын себебі,
Тоймайды екен тамағы.
«Ынжығы-ай,
- деп, мынаның?!»
Директоры кіжініп,
Ағытады жағаны


– Ойдойт деген-ай!


– Аха-а-ау!
Фабрика бұл күнде,
Өзін-өзі ақтамай,
Белшеден батты қарызға,
Мешкей деген ат қалай?..
Артық алып штатқа,
Бастық пенен басбухтың
Қайдағы сұмды тапқаны-ай!
Күндіз-түні жүрмейді-ау,
Балапанды қақтамай.
Шамадан тыс ақша алды-ау,
Бас-аяғын шақтамай.
Жұмыртқалайтын тауыққа
Қасқырдан бетер шапқаны-ай!
Асып кетті қарызы,


Тәртіп-жүйе сақтамай.


Өзі қожа, өзі би,


Жүре ме киіп-таптамай?!
Соңғы үш айдың ішінде
Жұмыртқа түгіл, тауықты,
Шемішкедей шаққаны-ай!
Қарынбайдың малындай,


Көшеде тұрып сатқаны-ай!
Жоспардың бәрі қағазда,
Орындалмай жатқаны -ай!
«Құдайдың» сөйтіп атқаны -ай!
– Ойдойт деген-ай!
– Аха-а-ау!
Көзің жетсе, осындай
Директордың қылығы.
Ашылар әлі тереңдеп,
Былығы мен шылығы. Мұңаяды күрсініп,
Езуінде шылымы. Күннен-күнге көбейді-ау,
Еселеген шығыны.
Тасырайып барады,
Атылар ма екен тығыны?..


– Ойдойт деген-ай!


– Аха-а-ау!
Жыртығын жердің жамаған, Үзілгенді септеген,
Бас бухгелтер мұндағы
Қомағай еді Жек деген.


Жұмыртқаға жуынып,


Сүртінем десе де етпенен,
Қиюын тауып ептеген.
Жалақысын өсірді-ау,
Квитанция, чекпенен.
Неше алуан қызық бар,
Тергеушіге жетпеген


– Ойдойт деген-ай!





Пікір жазу