15.08.2022
  98


Автор: Қажытай Ілиясұлы

АРТЫҚ-ТЫРТЫҚ

– Аха-а-ау!
«Сусугір» деген бөктердің
Директоры Томанов
Қыржиыңқы қабағы,
Қоймадан азық жоғалып,
Асатынан келіп тұр,
Басына қырсық оралып.
Шамадан артық штатқа,
Кімді көрсе, соны алып,
Шамадан асты шығыны
Жаумай-шашпай тоналып.
– Ойдойт деген-ай!
– Аха-а-ау!
Естігендер күлерлік,
Тойы бар ғой тойдың да.
Люстра кетіпті,
Комендаттың мойнында.
Балығы, еті кеміген,
Консервісі тағы бар,


Бәрін айтып қойдым ба?
Жарымайды ел қызылға,
Сиыр мұнда, қой мұнда.
Бұйрық бөлек, іс бөлек,
Базарына бастықтың
Тоймадың ба, тойдың ба?


– Ойдойт деген-ай! – А-ха-ау!
Дікенов деген зу екен,


«Үлгіліні» басқарған.
Темекіні сатудан,


Бәленің тегі басталған.
Арыз ұшып жатады,
Осындағы жастардан.
Аз жұмысқа мол ақша
Үлестірді-ау, сасқаннан…
Тонна-тонна темекі,
Түскендей
-ақ аспаннан.
Жалақыға жаймалап,
Артық ақша бергенде,
Алушылар да бассалған.
Шаш етектен шығыны,


Құтыла ма қашқаннан?!


– Ойдойт деген-ай! – А-ха-ау!
Орындалмай жоспары,
Келісілген шарттағы.
Ойласаңыз, кәнеки,
Қаншама айып тартпады?


Түтіні даудың өшкен жоқ,


Тұтанған былтыр марттағы.
Айып-анжы меңдетіп,
Шулап отыр қарттары.
 Еңсесін бір көтермей,
Ауыл болды ең арттағы.
– Ойдойт деген-ай!
1982 жыл





Пікір жазу