meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  15.08.2022
  132


Автор: Темірхан Медетбек

Бүгiнгi қазақ кедейi

Кеудесi қан,
Жұтқаны шаң,
Отызда шал,
Қырықта сал,
Алдында жар,
Артында жал...
Жаққаны көң,
Көргенi көр,
Таңдайы шөл,
Маңдайы тер,
Көздерi шер,
Көмейде тас,
Жанарда жас.
Тұла бой нас,
Ұйысқан шаш.
Түйiлген қас,
Иiлген бас.
Жалаңаш!
Аш!





Пікір жазу