Туындылар ✍️
ҚЫМ-ҚУЫТ
Аха-а-ау!
Темір жол тіліп өтетін
Ежелден құтты қонысы.
Еңбекқор, момын емес пе
Халқының да көбісі.
Изен жусан бұрқырап,
Дірілдеген қобысы.
Торанғы, жыңғыл, жиделі
–Шүйгін-ақ еді өрісі.
Мал басы кеміп кетіпті,
Қалай екен онысы?..
Деп сұрасаң,
әлеумет,
Ұқыпты баққан малшының
Онға баспай жөн ісі,
Тірі малдың орнына, Өтеді екен өлісі.
Қулары жепті
-ау, қуырып,
Құр ауыз қалып бөрісі.
– Ойдойт деген-ай!
– Аха-а-ау!
Іргебаев дейт ұғын,
«Тегінсудың» басшысы.
Ауызына қарасаң,
Ауылдың тілді-жақтысы.
Біреулердің жомарты,
Біреулердің қаттысы.
Өзі де тыныш жұрмепті,
Әңгіменің ащысы.
Қанша дейді құдай-ау,
Сылтаумен сорған «тәттісі».
Ойланбай ма, шіркін-ау,
Тамшыдан таза, ақ кісі?!
Толтырған жөн орынын,
Ақылдың ең жақсысы.
Әйтпесе мал бола ма,
Жалбыраған актісі?!
– Ойдойт деген-ай!
– Аха-а-ау!
Одан да бетер бар екен,
Көлді жатқан мекендеп.
Асқынтып берді ақпарын,
Екеу болса, жетеу деп.
Шайнайды енді бармағын,
Басқаға қалай жетем деп.
Үш мезгіл сорпа ішпесе,
Күркілдеп тұрып жөтелмек.
Бір басын алып кетердей,
Жегендері лекерлеп.
Сөйте жүріп баяғы,
Жұмысты тік көтермек.
Сапасыз ж
ұрген санағы,
Қалып отыр бекер боп.
Кім ойлаған бастығы,
Дәл осындай екен деп.
Аман-есен жүр әлі,
Итіндеп, ептеп, тепеңдеп
– Ойдойт деген-ай!
1982 жыл