14.08.2022
  207


Автор: Қажытай Ілиясұлы

ДҮРБІДЕГІ ДӨРЕКІЛДЕР

– А-ха-а-ау!
Бет-бетімен жүрген жұрт,
Береке жоқ жұмыста.
Пашкілеп ақша алатын,
Көк тиын жоқ уыста.
Басшылары «тұзсыздың»
Дайын екен
ұрысқа.
Бүйрегі бұрып кетеді-ау,
Құда, жекжат, туысқа.
Шалқитын шаруашылықты, Тұралатқаны дұрыс па?
Ойламайтын алды -артын,
Бәрінің басы қуыс па?
– Ойдойт деген-ай!
– Аха-а-ау!
Сүт суалып барады,
Нендей шара жасайық? Сүрінеді тал түсте,
Сауыншысы масайып.
Директорға қосылып,
Бас инженер
–Машанов
Қабырғасын санайды,
Сиырлардың аш-арық.
Зіркілдейді сонан соң,


Түкірігіне шашылып.


– Ойдойт деген-ай! – Аха-а-ау!
Кердеңдеген кербездің
Жетпей ме екен санасы?
Бақсы ойнатып жатқандай
Ауылдың шеберханасы. Көбейді кешігетіндер,
Жайлауда жүріп жағасы.
Жөнделген дым жоқ,
Енді оның жабылмақ
Кімге жаласы? Жүргізбейді-ау, табельді, Ұқыпсызын қарашы!
Істеген, істемегеннің
Белгісіздеу арасы
Ербиген есер, жалқау да
Озатпен бірдей аласы.


– Ойдойт деген-ай! – Аха-а-ау! Көлік жоқ елді таситын,
Ат шаптырым алыстан,
Келіп-кету оңай ма?
Жаяуды көрдік жарысқан.
Шығынға
әбден батыпты
Өткен жылғы он айда.
Берекесіз ауылға,
Есі бар кісі жолай ма?
Баптанып жүр қырсыздар
Ұшамыз деген жоқ ойда.
– Ойдойт деген-ай!
1981 жыл





Пікір жазу