14.08.2022
  312


Автор: Қажытай Ілиясұлы

«ТАМАША» АЙТЫСЫ

Алғашқы наурызда Құдайберген мен Бауыржан теледидарда орындаған.
Құдайберген:
– Сылқылдат, сырнайыңды, Қасқа жиен,
Маған тең келе алмайды басқа жиен.
Бұл жолы тырнағымды батырмаймын,
Дірілдеп қол-аяғың саспа, жиен!
Тәуекел,
көзді
жұмып, баста жиен!
Бауыржан: – Өзгеріп кетті неге,
түрің қудай?
Шатаққа
жұрсең болды
ұрындырмай.
Нағашы-ау, бұл наурыз қайдан шықты,
Мереке жоқ еді ғой, бұрын
мұндай?..
Құдайберген:
– Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса,
Болмайды кім мейрамсыз зорлық қылса.
Алпыс жыл тойланбаған наурызым,
Жарап тұр бұдан бұлай бойға сиса.
Бауыржан: – Нағашы-ау, мынауыңыз кемеңгерлік, Құлақ түріп, жалпақ ел елеңдерлік. Көпті көрген көшелі кәрісіз ғой.
Осы тойға сонда біз немен келдік?
Қайырмасы:
Нағашым -ай,
Жақсы әдетті кім құртқан,
Жаны ашымай?!
Құдайберген: – Көңілің қазір ғана көтерілді,
Ал бұрын талау, тонау төте жүрді.
Тірілтіп әдебиет алыптарын,
Жиенжан, іс тындырдық өте құнды.
(Бауыржан гармонын тарта бастайды)
Құдайберген:
–Тұра тұр, дарылдатпай гармоныңды,
Екшейтін мезгіл жетті бар -жоғыңды.
Кезінде әпербақан әлде кімге,
Әспеттеу ана тілін ар көрінді.
Бұл өзі–сөзің емес, істің тұсы,
Кәнеки, көрсете түс дәрменіңді!
Су құрып, балық өліп,
шөп қуарса,
Айтайын енді қайсы жан жеріңді?..
Бауыржан: – Қараға айналдырған ақ ісіңді, Өткеннің зорлығы да абысынды.
Шіреніп шерігіңе келмейтіннен,
Не ғажап өнерлінің сағы сынды.
Құдайберген:
– Тоқырау тұсындағы тобырлардан,
Көп естіп өтірікті көңіл қалған.
Әлі бар сөз бен ісі үйлеспейтін,
Әр жерге ебін тауып, шоғырланған.
Бауыржан:
– Әлі де бітпегенмен, жарасы анық,
Қиянат қалды-ау, деймін аласарып!
Осылай баяғыда шындықты айтса,
Кешінде-ақ құртады екен бәле салып
Құдайберген:
– Ескермес былайғыны тоғайғандар,
Әлі де қулығымен қоңайған бар.
Бүгінше тойып алдық, той болған соң,
Ертең ет табыла ма, соны ойлаңдар!..
(Енді екеуі бірігіп айтады)
– Төрінде Астананың малдас құрып?
Көріңдер екеумізді салғастырып
Айтысты тоқтата алмай қызғандықтан,
Жібердік «Тамашаға» жалғастырып
1987 жыл





Пікір жазу