ҚОТЫР ҚОЙ АЙТЫСЫ
Қырсық шалса, қотыр да қолды болады екен. Өстіп тұрғанда, о жағынан
Отарғажы, бұ жағынан Қалжыңтай үстінен түсіп, қотыр қойды қайымдап, қақпақылдап әкетеді.
Отарғажы:
– Ах-а-ау!
Жер жұтты ма, қотыр қой,
Көл жұтты ма, қотыр қой.
Тракторшы –Аманхан,
Алмадым деп отыр ғой.
Қалжыңтай:
– Жел жұтты ма, қотыр қой,
Сел жұтты ма, қотыр қой?
Кәбекең де, әнеки,
Тиегем деп отыр ғой.
Оу, қотыр қой, қотыр қой,
Қайда кеттің опырмой?
Отарғажы: – Ах-а-ау!
Айналмақ болып дастанға, Ұшты ма екен аспанға? Құдай атқан қотыр қой, Күлкі болды-ау, жастарға.
Қалжыңтай: – Ұшпаса егер аспанға,
Пейішке тұра қашқан ба?
Жеті хат жерге түсті ме,
Оппаны оқыс басқанда?..
Оу, қотыр қой, қотыр қой,
Аманбысың, опырмой?
Отарғажы: –Қотыр қойды
ұры алды -ау,
Арты да жақсы сұралды-ау!
Қотыр қой
ұрлау дегенді,
Қандай пысық шығарды -ау?
Қалжыңтай: – Қотыр қойды ұры алды -ау,
Арты да жақсы сұралды-ау!
Сау қойға саудалайын деп, Құлқыны зордың бірі алды-ау!
Оу, қотыр қой, қотыр қой.
Тірімісің опырмой?
Отарғажы: – А-ха-ау! Ұқсап бір қоңыр кенеге,
Жануар аман келе ме? Ұрламай-ақ сұраса,
Бермейтін бе едік, немене?
Қалжыңтай: – Ұры да сонда кенеге,
Қызыға ма, немене? Түйеден түкті көрінді-ау,
Ниеті бұзық немеге?
Оу, қотыр қой, қотыр қой, Жүрмісің тірі, опырмой?
Отарғажы: – Қорада қотыр он еді,
Азайды өстіп көлемі.
Барылдатпай байғұсты,
Орнына қойған оң еді!
Қалжыңтай:
– Қотырдың саны он еді,
Кигені бұж-бұж көн еді.
Арқау болған айтысқа,
Мұндай қой туған жоқ еді.
Оу, қотыр қой, қотыр қой,
Арманың бар ма, опырмой?
Отарғажы:
– А-ха-ау!
Оралғаны оң еді,
Қоздағаны жөн еді.
Қотырды жеген ұрының,
Ұзара қоймас көгені.
Қалжыңтай:
Табылмаса жануар,
Айтылар сөз көп еді.
Тірілтпей қоймас бірақ та,
Екі қудың өлеңі
Оу, қотыр қой, қотыр қой,
Келсеңші тез, опырой,
Дәрігер тосып отыр ғой.
Ә-ә-әу!
1985 жыл