14.08.2022
  333


Автор: Қажытай Ілиясұлы

ҚЫЗ, ЖІГІТ АЙТЫСЫ

Әлқисса, «Талапты» деген ауылдың қызы «Былғары» өңдейтін орынның жігітімен сөз соғыстырады:
ҚЫЗ:
– Тірлігінде тапапйтын тағат-тыным,
Ауылымды жырлауға қанаттымын.
Ауыз тиген аңсайтын ет пен сұтін,
Естіртейін әуенін «Талаптының»!
Баяғының серісін елестетем,
Домбыралы қалпыңа қарап, күнім!
Ал заулат, ақын болсаң,
тамсандырып,
Көрермен санап отыр сағат тілін!..
ЖІГІТ:
– Әріптес, амандаспау –ағаттығың,
Әлде бұл –салтыма еді
«Талаптының»?
Моншасыз, клубы ескі, көшесі лас,
Айта кет ауылыңның салақтығын.
Біздің жақ әнге әуес, сарынға бай,
Тоқтай ма анық ақын арындамай?!
Айтарсың аптықпай-ақ ауылыңды,
Әуелі денің сау ма, қалың қалай?
ҚЫЗ:
– Шүкірлік, жарым да аман,
балам да аман,
Ретің бар-ау, бізге алаңдаған?!
Оқыста өзің келіп ұрындың-ау,
Жерімді оңбаушы еді жамандаған!..
ЖІГІТ: – Алты айда орындаса жыл міндетін,
Жоспарға қосты ма екен шілдің де етін? Көзбе-көз алушыны алдап-сулап,
Жігіттер, қайтып көрмек үйдің бетін?!
Шытылып, бұзылды ғой қас-қабағың
Шіріген жоқ па қауын, асқабағың?
Айықтырғыш түнеткен көзелің бар,
Осы ма үлгі-өнеге бастағаның?
ҚЫЗ: – Рас қой
үлгі-нұсқа бастағаным,
Сондықтан, шығады
өрлеп асқақ әнім!
Сұңғыла өнерімен таңдандырып,
Сара апам дәмін татты астананың.
Ісімен жұрттан озған Болат ағай,
Ұйытқысы болған талай бастаманың.
Ісінде береке жоқ мекемеңнің
Тереңдеп термесем де басқа жағын!..
Ығынан ауылыңның өте алмаймыз,
Үлкені осы емес пе масқараның?!
Сапасыз өнімдерің қайтарылды,
Көзіңді қалғи бермей, аш қарағым!
Дүкенің әбжыландар жалағандай,
Мініңді бетіңе айтсам, саспа, жаным!
Қауын -қарбыз алып кет бізге келіп,
Бүйтіп жүріп
бұзылар асқазаның!..
ЖІГІТ: – Ауылым фабрика қ
ұрғаны үшін,
Мақталған естіп
жүрсің жылдағысын!..
Көлденең тартар болсам табысымды,
Әріптес, менің де к
өп тынған ісім.
Ол тіпті қыз
-қырқынға жақсы болды,
Көреміз небір с
ұлу, сырғалысын.
Таласып алады екен шеберлерің
Солардың өңдеп шыққан былғарысын.
ҚЫЗ:
 – Берілген бастығыңа қайран, ерік!
Бұйымнан заңсыз сатқан пайда көріп…
Ұшқанын естіп едік орнынан,
Білдің бе жайғасқанын қайда келіп?
Өзіңдей әспенсіген жігіттердің,
Тіл-аузын осылайша байлап едік.
ЖІГІТ:
– Талайдың біз де тілін байлап едік,
Бүйірден тиді-ау, сының найза болып!..
Бөгелдім ақиқаттан аттай алмай,
Әйтпесе сандуғаштай сайрар едік!..
1985 жыл





Пікір жазу