АҚТАБАН МЕН ЖҮГЕРМЕКТІҢ АЙТЫСЫ
Ақтабан:
– А-ха-ау, үй-й!
Әдісім күнелтетін «Жалған ақпар»,
Көрсе де,көрмейді екен жаңғалақтар .
Біреу сұм, біреу аңқау болғаннан соң,
Қатырып жаңғалақты алдамақ бар.
Ой, дүние-ай!
Жүгермек:
–
А-ха-ау,үй-й!
Секірсе секем алып жаңғалақтар,
Жаныңа пана болмас «Жалған ақпар»,
Ініне іздеп барып су қ
ұйғанда,
Сұмың да жаңғалаққа қалбалақтар.
Ой, қуым-ай!
Ақтабан: – А-ха-ау,үй-й!
Еш адам бет-жүзіңнен қақпаған ба?
Сескенбей
ұрынасың жақпағанға.
Аңдып бас, айналайын, аяғыңды,
Қараусыз отырған жоқ Ақтабан да.
Ой дүние-ай!
Жүгермек:
–А-ха-ау,үй-й!
Күлкінің
көрігіне қақтағанда,
Не жетсін шама-шарқын шақтағанға?
Араның
ұясына
өзі келсе,
Қайтеді, Ақтабанды шақпағанда?
Ой, қуың-ай!
Ақтабан: –А-ха-ау,
үй-й!
Кәрідей
сөз естіген кемпірінен,
Ойың бар
күш көрсетпек жер
тұбінен.
Қырыпсың қырсыздықтан
төлді түгел,Орынын жаппақсың ба елтірімен?
Ой, қуың ай!
Жүгермек:
–
А-ха-ау,
үй-й!
Ақтабан
әзір тату кемпірімен,
Бір бәле шығармасаң елтіріден.
Қағазда төлім түгел, басым аман,
Толтырдық жылу жинап жер түбінен.
Ой, дүние-ай!
Ақтабан: – А-ха-ау, ү й -й!
Абырой керек пе екен қыр асқанша,
Жылым да жылтырайды тыраштанса.
Шыңғырып шықты дейді өтірігің,
Ауылыңа барамыз ғой, рас болса.
Ой қуың-ай!
Жүгермек:
А-ха-ау,
үй-й!
Өмірдің қызығы да қыр асқанша,
Пендесі не таппайды тыраштанса?
Жасатам жалған акті жып
-жылмағай,
Ауылда жібі бос ветврач болса.
Ой, дүние-ай!
Ақтабан: – А-ха-ау,үй-й!
Шатақтың жүргеніңмен қыр соңында,
Қыс түссе, зар боларсың бір соғымға.
Сын-сықақ ауызға да алынбайды,
Жатқандай
әдебиет қ
ұрсағында.
Ой д
үние
-ай!
Жүгермек:
–А-ха-ау,
үй-й!
Ауылың тұрады екен бір соғуға,
Бір түгіл, ар сатылмас мың соғымға.
Көрінбей қалсақ керек, сендейлердің Үнемі жүреміз деп қыр соңында.
Ақтабан: – А-ха-ау,үй-й!
Тарихи тамыры бар
әрідегі,
Сын-сықақ
өз алдына жанр еді.
Ойлансам, осы жағын
ұлықтарың,
Білмейтін т
әрізді ғой, д
әлірегі.
Ой,
дүние
-ай!
Жүгермек:
–
А -ха-ау,үй-й!
Арналған сендейлерге, дәлірегі,
Сын-сықақ
өз алдына жанр еді.
Сұрқыңды суреттесем,
сұңғыла жұрт
Төбеңді к
өрген жерден таныр еді
Ой, қуы-ң-ай!