14.08.2022
  117


Автор: Қажытай Ілиясұлы

ҚАЖЫТАЙ МЕН ҚАЛЖЫҢТАЙДЫҢ ЕКІНШІ АЙТЫСЫ

Қажытай:
– Айтысты ардақтайтын «Ара»бар да,
Қажет қой ұлгі-нұсқа балаларға.
Тең таппай, айнадағы суретіңмен,
Айналаң айтыстырса, шара бар ма?
Қалжыңтай:
– Кескенде ақ-қараның ара-жігін,
Біреудің аттамаушы ең ала жібін.
Жжжақсы сөз жарым рас деген бар ғой,
Кәрия, құтты болсың жаңа жылың
Қалжыңтай:
– Тиеді саған қаспақ, бізге қаймақ,
Бәйгені жұрмекпісің іздеп айлап?
Апайым ыңыранып «ызбандасып»,
Керекке жарамайды тізген айғақ.
Қажытай:
– Тигенмен саған қаймақ, маған қаспақ,
Көргендер саған қалай амандаспақ?..
Қидырып менің ұтқан жерлерімді,
Теледен бергізбесең жамап-жасқап.
Қалжыңтай:
– Отыр онда баяғы жесір жеңгем,
Нағашымнан айырылды есіргеннен,
Сыңар уыс гул берсем, қатырады
Кейпінен шошынасың кесірленген.
Қажытай:
– Бәйгені әпергенмен, бұра тартып,
Жақсы өлеңнің жететін мұраты артық.
Қарға туса, сұңқардың соры емес пе,
Жыр қашап мандытама туа тантық?





Пікір жазу